Басты бет / Философия және саясаттану / Философия / Балабекұлы Досжан

Балабекұлы Досжан

Лауазымы: доцент м.а.
Философия
Scopus author ID: 57216857159
       Досжан Балабекұлы 1993 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. 2015 жылы Журналистика факультетінің «Баспа ісі» (бакалавриат), 2017 жылы «Журналистика» (магистратура), 2020 жылы Философия және саясаттану факультетінің «Философия» мамандығын (докторантура) бітіріп, Философия докторы (PhD) дәрежесін алып шықты. Еңбек жолын 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» газетінен бастап, басылымның Бас редакторы қызметін атқарды. Әр жылдары «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты интернет редакциясында веб-редактор болып жұмыс жасады. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасының доцент міндетін атқарушы. Досжан Балабекұлы «Қазақстан Журналистер Одағының», «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстан Авторлары Қоғамы» (ҚазАҚ) мүшесі. Бірнеше халықаралық, ресубликалық, қалалық фотобайқаулардың жеңімпазы. Қазақстан Журналистер Одағының Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығының лауреаты (2022). «Farabi universiteti-90» фотоальбомы мен «Алатауды аралағанда...» көмекші оқу құралының авторы. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен (2020), Ғылым және жоғары білім саласына сіңірген ерен еңбегі және Қазақ ұлттық университетінің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі үшін «Farabi» алтын медалімен (2024) марапатталды.
Автордың құжаттары

1

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0

Importance of studying the term “information space” in modern philosophy

Balabekuly, D., Altayev, J., Kizilcik, A., Imanbayeva, Z., Kuranbek, A.

2020

Opcion
36, с. 784-802

0

Цитирований